Шу Уемура шығармашылығы мен косметикасы туралы
Кәсіби өмірдегі алғашқы қадамдары Шу Уемура Токиода туып өскен. Жас өспірім кезінде ауырып, төсек тартып жатып қалған. Қиын күндерін артқа салған шағында шаш қою мен макияжға қатты қыза бастаған. Ол Токиодағы Сұлулық Акаадемиясына түседі, онда кластағы 130 оқушының арасында жалғыз ер бала болды. Оның кәсіби өмірі 1657жылы «Joe Butterfly» филімінде гримм жасаумен ашылды. Ол фильмнің кейбір сюжеттері Жапонияда өткен еді. Кино мен телевиденияда гримм жасау мүмкіндігіне ие болу үшін Уемура 1950 жылдардың аяғында Жапонидан кетеді. Уемарға жетістік алып келген фильм «My Geisha». 1962ж ауырып қалған фильм визажисті орнына гримм жасап көзге түседі. Кәсіби бояу арқылы кавказдық Ширли Маклейнді жапон әйеліне айналдырады. Фильм режисерлері мен Ширли Маклейннен үлкен мадақ алады. Көп ұзамай Голливудтағы сүйікті суретшіге айналады. Косметика саласын бастауы 1960ж Уемура өзінің алғашқы косметикалық өінімін ойлап тапты. Оның алғашқы өнімі тазартқыш май болды, ол сабынан да жақсы тазартып, ылғал...